ТРУДОУСТРОЙСТВО

Орал жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Колледж басшылығының бұйрығы бойынша оқу орнында кәсіптік бағдар беру бағытында «Мансап» ортылығы құрылған. Мансап орталығының негізгі қызметіне, студенттерді еңбекке орналастыру, жұмыспен қамту, бағыт-бағдар беру, түлектер тақтасы, кәсіби бағдар беру жұмыстары, «бос орын» ақпараттық желісі, ЖОО-на түсуге дайындықтар және т.б. кіреді.

Колледжде арнайы құрылған кәсіптік бағдар беруге арналған комиссия Батыс Қазақстан облысының бірнеше мектептерін аралап, түлектерге ақпарат беру мақсатында кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, облыс бойынша  8 мектепке (№10, №30, №20, №33, №29, Трекин қазақ мектебі және т.б.) болып, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары және мемлекеттік білім беру саласындағы өзгерістер туралы кеңінен ақпараттар берілді.

Сондай-ақ, колледжімізде екі рет «ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күніне №10, №47, №30 ОЖББМ-нен оқушылар қатынасып, колледжің оқу материалдық және әдістемелік қызметтерімен, оқу барысымен танысты. Аталған шараларға қатысқандар саны – 212 оқушы.