ПРАВИЛА ПРИЁМА 2020-2021

Қабыладау комиссиясы

Азаматтарды оқытуға қабылдауды, түсу емтихандарын өткізуді және оқушылар құрамына қабылдауды ұйымдастыру үшін жыл сайын колледжде өз жұмысын маусымның 1-нен кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады. Талапкерлердің оқуға қабыладау туралы өтініші: оқытудың күндізгі бөліміне маусымның 20-нан тамыздың 25-не дейін; оқытудың сырттай бөліміне маусымның 20-нан қыркүйектің 20-на дейін қабылданады.                      Түсу емтихандары: оқытудың күндізгі бөліміне тамыздың 1-нен тамыздың 28-і аралығында; оқытудың сырттай бөліміне тамыздың 1-нен қыркүйектің 28-і аралығында жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы талапкерді оның денсаулық жағдайларын анықтау қажет болған жағдайда, таңдалған мамандық бойынша болашақ кәсіби қызметтің ерекшілігін ескерумен, оқуға түсушілердің денсаулық жағдайын нақтылы анықтау мақсатында қосымша медициналық сараптамаға жібереді.

Қабылдау емтиханының ережесі

  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже «Орал Болашақ көпсалалы колледжі» ЖММ емтихан комиссиясы құрамын, қызметін емтиханға дайындалу барысында және оның қызметін емтихан жүргізуде анықтайды.

1.2 Емтихан комиссиясының негізгі міндеттері:

-азаматтар үшін түсу емтихандарын ұйымдастыру және өткізу: негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімімен;

– колледжге қабылдаудың белгіленген тәртібін орындау;

-Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген білім беру саласындағы азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

– колледжге түсудің барлық рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;

-түсушілердің қабілеттілігі бейімділігін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету;

-техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі бағдарламаларын меңгеруге қабілетті және машықтанған азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ету.

1.3 Емтихан комиссиясын таңдау тәртібі.

1.3.1 Колледжге қабылдау емтиханын ұйымдастыруға және жүргізуге техникалық кәсіптік білім беру негізгі бағдарламасын меңгеруге алдағы мүмкіндігін анықтау үшін, жоғары колледжге түсу үшін түсу емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде, емтихан комиссиясы төрағасымен құрылады.

1.3.2 Емтихан комиссиясы ең тәжірибелі және білікті оқытушылардан, түсу емтихандары дейін үш айдан кешiктiрілмей құрылады. 

1.3.3 Емтихан комиссиясының өкілеттік мерзімі – 1 жыл.

1.4 Өз қызметі барысында емтихан комиссиясы келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

– Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының типтік ережелері;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелері;

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілері;

– білім беру қызметін жүзеге асыру құқығындағы мемлекеттік лицензия;

– колледж Жарғысы;

– осы Ереже.

  1. Негізгі бөлім

2.1 Емтихан комиссиясының құрамы

2.1.1. Емтихан комиссиясының жеке құрамы және оның жұмыс тәртібі жоғары колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.

2.1.2 Емтихан комиссиясының жұмысы  колледж директорының бұйрығымен тағайындалатын төраға жетекшілік етеді. Төраға емтихан комиссиясы мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі және осы Ережеге сәйкес емтихан комиссиясының жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

2.1.3 Емтихан комиссиясының мүшелері: Қабылдау комиссиясының төрағасының орынбасары, бөлімше меңгерушілері, тәжірибелі оқытушылар.

2.2 Емтихан комиссиясының функциялары (құзыреті)

2.2.1. Қабылдау емтихандары (кешенді тестілеу) шеңберінде емтихан комиссиясы келесі функцияларды орындайды:

– түсу емтихандарын (комплекстік тестілеу) кестесін құруда (күні, уақыты, емтихан тобы мен өткізілетін орны, нәтижелері хабарлау күні), қабылдау комиссиясы төрағасы бекітеді;

– емтихан тапсырушылар үшін аудиторияда талап етілетін  құралдардың тізбесін анықтау (техникалық құралдарды қоса алғанда);

– нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес түсу емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

– білім бағдарламасын меңгеруге дайын және білім деңгейі сәйкесті, қабілетті және даярланған тұлғалардың сапасы мен дайындығын бағалайды;

– аппеляцилық өтініштерді қарауға қатысуға;

– түсу емтихандарының нәтижелерін қорытындылауға және бекітуге қатысады;

– қажетті құжаттарды ресімдейді.

2.3 Емтихан комиссиясының мүшелерінің міндеттері

2.3.1 Емтихан комиссиясы Төрағасының міндеттері:

– емтихан комиссияларының білікті мүшелерін іріктеуге қатысады;

– түсу емтихандарын (кешенді тестілеуді) жоғары колледжде өткізуге ұлттық тестілеу орталығына тест тапсырмаларына сұраныс жолдайды;

– түсу емтихандары үшін материалдарды дайындауды емтихан сессиясы басталғанға дейін кемінде 20 күн бұрын ұйымдастырады;

– емтиханды өткізу реттілігін барлық емтихан қабылдаушыларға хабардар етеді;

– түсу емтихандарының кестесін бекітеді;

– комиссия мүшелерінің жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырады және бақылайды;

– аудиториялардың емтиханға дайындығын бақылайды;

– қолданыстағы нормативтік актілермен көзделген өзге де міндеттерді атқарады.

2.3.2 Емтихан комиссиясының мүшелерінің міндеттері:

– тексеру үшін қажетті жабдықтар мен жабдықтарды дайындау және тексеру;

– жабдықталған аудиторияларда оқуға түсу емтихандарын тікелей өткізу;

– қажетті құжаттарды рәсімдеу.

2.4 Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібі

2.4.1 Оқуға түсу емтихан материалдарын дайындау.

2.4.1.1 Түсу емтихандары басталуға дейін қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясы және емтихан комиссиясы мүшелеріне жоғары колледжге қабылдаудың және түсу емтихандарына материалдарды дайындаудың жаңа нормативтік құжаттарын меңгеруді ұйымдастырумен айналысады;.

2.4.1.2 Емтиханға дайындалған тест тапсырмалары қатаң есепке алынады және қабылдау комиссиясының төрағасы жәшігінде сақталады.

2.4.2 Қабылдау емтиханын (кешенді тестілеуді) ұйымдастыру және өткізу 

2.4.2.1 Түсу емтихандарын (кешенді тестілеу) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы жауапкершілігіне емтихандар кестесін құрып, талапкерлердің тобын қалыптастыру болып табылады. Кестені қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

2.4.2 Қабылдау комиссиясы мүшелері түсу емтихандарының (кешенді тестілеу) кестесіне сәйкес аудиторияның кіре берісінде талапкерлерден жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді.

2.4.2.3 Емтихан қабылдау комиссиясы төрағасы бастаған талапкерлердің алдында тапсырма жинақталған буманы ашады. 

2.4.2.4 Емтихандық комиссия мүшелері бейінді пәндерді көрсете отырып, жауап парақтарын таратады. Емтихан парақтарын толтыру үлгісін емтихан комиссиясының мүшелері таныстырады.

2.4.2.6 Екі пән бойынша кешенді тестілеу уақыты – 1 сағат 30 минут; үш пән бойынша 2 сағат 15 минут.

 2.4.2.7 Емтихан тапсырмаларын орындау кезінде колледждің бұрыштық мөртаңбасы бар жұмыс-парақтарын қолданады. Емтихан тапсырғаннан кейін сарапшылар жауап парақтары мен конверттері  тобымен жинақтап, оларды қабылдау комиссиясының төрағасына жібереді.

2.4.8 Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы емтиханнан кейін сол күні талапкерлердің кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялайды. Нәтижелер колледждің кіреберіс фойесінде ақпараттық стендке орналас-тырылады.

2.4.9 Емтихан (кешенді тестілеу) нәтижесімен конкурс жарияланады.

Апелляциялық комиссия ережесі

  1. Колледждің апелляциялық комиссиясы бірлестік орган болып табылады, оның негізгі міндеті талапкер мен емтихан комиссиясының арасындағы емтихан сынақтары нәтижелері бойынша қарама-қайшылықта-рын қарастыру болып табылады.
  2. Апелляциялық комиссияның мақсаты, емтихан сынақтарының уақы-тында бірынғай талаптардың сақталуы және емтихандық жұмысты бағалау кезіндегі қарама-қайшылықтарды шешу, емтихан сынақтарында талапкердің құқығын қорғау
  3. Колледждің аппеляциялық комиссиясы келесі ережелерге сүйенеді:

  – ҚР-ның Конституциясы;                                                                                      

  – ҚР-ның “Білім туралы” заңы                                                                               

 – ҚР-ның білім және ғылым министрлігінің нормативті актілері;           

 – Колледждің қабылдау комиссиясының ережесі;                                         

 – Колледждің қабылдау қағидалары.

  1. Апелляциялық комиссия отырыстары қажет болған жағдайда өткізі-леді. Отырыстың күні, уақыты жане өткізу орны, аппеляциялық комиссия төрағасымен белгіленіп, қабылдау комиссиясы жауапты хатшысымен аппеляциялық комиссия мүшелеріне жеткізіледі.
  2. Егер аппеляциялық комиссия отырысына комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, оның шешімі құзыретті болып табылады. Апелля-циялық комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру ашық түрде өткізіледі. Егер комиссия мүшелерінің дауыстары теңдей бөлінген болса, төраға дауысы шешуші дауыс болып табылады.
  3. Емтихан сынағының нәтижесіне талапкер жазбаша түрінде қате бағалау жөнінде талап-арыз беруге құқылы (әрі қарай- аппеляция). Талапкер колледжге қабылдау қағидасына сәйкес өз жұмысымен танысуға, емтихан сынағының кестесімен және осы Ережемен танысуға құқылы.
  4. Аппеляция -талапкердің дәлелді жазбаша өтініші бағалау сынақта-рының өткізу тәртібінің бұзылуын, бағалаудың төмендеуіне алып келеді немесе оның пікірі бойынша кіру сынағындағы койылған бағаның қателігі.                                         
  5. Апелляцияда төмендегідей ақпарат болу тиісілі:             а)талапкердің анкеталық мәліметі: тегі, аты, акесінің аты;емтихандық парақ нөмірі                                                                  б)арыз берушінің мотивациясы 
  6. Апелляцияны қарастыру барысында талапкерге қойылған бағаның дұрыстығы қарастырылады. Апелляция емтиханды қайта тапсыру болып табылмайды.
  7. Апелляция емтихан тапсырылған күнінен келесі күнгі 13.00-дейін қабылданады.
  8. Талапкер апелляция барысында қатусыға құқылы. Кәмелетке жетпеген (18 жас дейің) талапкермен ата-анасы немесе заңдық өкілі қатысуға құқылы.
  9. Талапкер, емтихан барысында алынған балдарын қайта қарауға қатысқанда өзімен бірге емтихан парағы мен төлқұжаты болу керек.
  10. Апелляция өзгеше адам оның ішінде талапкердің туған туысқан-дарынан қабылданбайды.
  11. Апелляцияны қараудан кейін апелляциялық комиссия емтихан барысында алынған баға жөніңде түпкілікті шешім шығарады.Емтихан барысында алған бағаға өзгерістер еңгізілу қажеттілігі туында-ған кезде апелляциялық комиссияның шешімінің хаттамасы толтырылады және емтихан парақшасына хаттамаға сәйкес өзгерістер еңгізіледі.Апелляциялық комиссия барасында емтихан кезіңде қойылған бағаға комиссия мүшелер арасында келіспеушілік туындағанда баға қарапайым көпшілік дауыспен мақұлданады.
  12. Апелляция комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделіп талапкер назарына жеткізіледі (қолы қойылған)
  13. Апелляциялық комиссияның шешім хаттамасы талапкердің жеке ісінде сақталынады 1 жыл көлемінде қатаң есеп құжаты түрінде сақталы-нады.
  14. Апеляциялық комиссия мүшелері құқылы. апелляциялық комиссияның ұсыныстары мен шешімдерді ұсынуға және   шешімдерді талқылауға апелляциялық комиссияда талқылауға арналған сұрақтарды дайындау кезіңде қажетті ақпаратты сұратуға дауыс беруге қатысуға.
  15. Апелляциялық комиссияның төрағасы комиссия отырысын ұйымдас-тырып, құжаттама жүргізуге міндетті.
  16. Апелляциялық комиссия мүшелері комиссияның отырыстарына қаты-суға және талқыланатын мәселелер бойынша ұсыныстар міндетті.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

  1. Директордың атына арыз;
  2. Білім туралы құжат;
  3. Дәрігерлік анықтама Ф-086У;
  4. Егілгені туралы карта Ф-063 (9 сыныптан кейін)
  5. 3х4 көлемді 6 сурет;
  6. Жеке куәлік көшірмесі;
  7. Мекен-жай анықтамасы.

Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Жәңгір хан 31, 20 мектеп  аялдамасы

Телефон : 8 7112 50 12  26 Телефон : 8 707 32 310 91