СПЕЦИАЛЬНОСТИ

  • 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы келесі 
  • 0105023 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша бойынша мамандар даярлайды.
Преподаватель-информатики

Информатика білім беру бағыты бойынша бұл мамандықтардың түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
– білім беру (педагогика) саласында – орта оқу орындарында информатика мұғалімі, информатика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімі немесе жүйелік администратор, программалаушы;

– өндірістік-технология саласында – программалаушы, информатика және  ақпараттық технология саласындағы маман; – компьютерлік дизайн саласы бойынша  – Web-дизайнер, жарнама агенттігіндегі маман, мультипликатор, фотостудияда; – математикалық әдістер мен компьютерлерді қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдарда жұмыс істей алады.  Бітірушілер жоғарғы оқу орындарында  “Информатика”, “Ақпараттық жүйелер”, “Математика” бағыттары бойынша оқуды әрі қарай жалғастыру мүмкіндіктері бар.


  • 0201000 «Құқықтану»                                                     
  •  0201023 «Кеңесшізаңгер» 

Кеңесші-заңгер маманының кәсіптік қызметінің нысаны болып: жергілікті атқарушы: өкімдік орган, мемлекеттік басқарудың басқа органдары, сол сияқты кәсіпорын, мекеме, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Кеңесші-заңгер маманы келесі кәсіби қызмет түрлерін іске асырады: -консультациялар: кәсіпорын құрылымдық бөлімшелеріне және қоғамдық  ұйымдарға әртүрлі құқықтық құжаттарды ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді;-ұймдық-басқарушылық: кәсіпорын қызметкерлерін ұйымдастыру, құқытық басқару мәселелері бойынша кеңес береді;

-мемлекеттік-құқықтық :қолданыстағы заңды нормативтік актілерді жүйелі түрде есепке алу мен сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, олардың күшінің жойылуы, өзгертілуі мен толықтырылуы туралы белгілер қояды, қазіргі ақпараттық технологиялар мен есептеу құралдарын негізге ала отырып, анықтама құжаттарын әзірлейді;-шаруашылық-құқықтық: кәсіпорын қызметінде пайда болатын құқықтық мәселелер бойынша қорытынды дайындауға, сол сияқты, кәсіпорын қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:- Азаматтық-құқықтық шарттарды, азаматтық іс жүргізу және нотариалдық құжаттарды құрастыру әдістерін меңгеруге;- Жұмысшыларды тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тарту жөнінде құжаттарды ресімдеуге;- Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге;- Көрсетілетін қызмет түрлерінің орындалу әдіс-тәсілдерін жетілдіруге; – Кәсіби этиканы сақтауға міндетті.